Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жасөспірім баланы тонаған күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері жасөспірім баланы тонаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданып келген. Ол арызында баласының велосипедін белгісіз біреу тартып алғанын көрсеткен.

Бұл жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, шұғыл іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Күдіктіні ұстау мақсатында тәртіп сақшылар жақын маңдағы аумақтарды мұқият аралап, куәгерлерден жауап алып, ашық түрде тұрғынды тонаған күдіктіні ұстауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырды.

Полиция қызметкерлерінің тиянақты жұмыстарының нәтижесінде, күдікті ретінде Түлкібас ауданының жұмыссыз тұрғыны ұсталды. Сондай-ақ, полицейлер орта жастағы күдікті азаматты полиция бөліміне жеткізді.

Белгілі болғандай, жасөспірім бала түскі уақытта сиырын іздеп шыққан. Осы сәтте бейтаныс біреу велосипедін ашықтан-ашық алып қойған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 180 мың теңгені құрайды. Бүгінде қолды болған жәбірленушінің заттары өз иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру