Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғынды алдаған алаяқты ұстады

Түркістан облысында бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған алаяқ әйел жергілікті тұрғынның сеніміне кіріп, 150 мың теңге ақшасын алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам ауданының полиция бөліміне  жергілікті тұрғын хабарласып, оған биылғы жылдың сәуір айында белгісіз әйелдің анасының зейнетақысын көбейтіп бере аламын деп сеніміне кіргені, өзінің оған сеніп, күдікті айтқан  карточкаға 150 000 теңге ақшасын салғаны, алайда ақшаны иемденген алаяқтың уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай жәбірленушіні әбігерге салғаны туралы шағымданған.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Полицейлер бұл факт бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, бір тәулік ішінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде Түркістан қаласының бұрын бірнеше рет қылмыстық жуапкершілікке тартылған тұрғынын ұстады. 

Тергеу барысында күдікті жеңіл жолмен ақша табу мақсатында жәбірленуші азаматты алдап жүргенін мойындады. Күдікті әйел қылмыстық жолмен табылған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсап жіберген.

Қазіргі таңда ұсталған алаяққа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру