Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 60 жастағы ер адамды тапты

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 60 жастағы азаматты тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы АПБ ППТ қызмет инспекторлары Темірлан ауылында бекітілген аумақ бойынша қызмет атқарып, рейдтік жұмыстарын жүргізген. Осы тұста түнгі сағат 03:00 шамасында көше бойында егде жастағы жаяу жүргінші күдік тудырған. Оны тоқтатып, сұрап-тексеру барысында өзінің атын білмейтінін айтқан. Сонымен қатар сөйлеген сөздері де анық болмаған. Содан соң оның жеке басын анықтау мақсатында Ордабасы АПБ-не жеткізген. Осылайша жеке басын анықтау барысында, егде жастағы кісінің Шымкент қаласының ПД-де із-түзсіз жоғалғандар бойынша тіркеуде тұрған 60 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды.

Полиция қызметкерлері табылған денсаулығында ауытқуы бар кісінің туған-туыстарын іздестіріп, оларға хабар берген. Көп ұзамай ұлы Ордабасы АПБ-не келіп, полиция қызметкерлеріне өзінің алғысын білдіріп, әкесін алып кетті.

– Мен, Ержан Асанбеков әкем үйден себепсіз шығып, жоғалып кеткен еді. Бүгін міне, түнгі сағат 04:00-де Ордабасы АПБ-ның полиция қызметкерлері тауып беріп отыр. Полицейлерге алғысымды айтамын. Жұмыстарыңыз алға баса берсін. Әрдайым осылай, халыққа қызмет етіп жүре беріңіздер!, – деп тәртіп сақшыларына шынайы ризашылығын білдірді.


Өз кезегінде полиция қызметкерлері ескертеді: Денсаулығында ауытқуы бар туыстарыңыздан көз жазып қалмас үшін, әрдайым бақылауда ұстаңыздар. Себепсіз үйден шығып, жоғалып кеткен уақытта, бірден полиция қызметкерлеріне хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру