Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан Петропавлда 800-ден астам тыныштықты бұзу фактісі тіркелді

Жыл басынан Петропавлда 800-ден астам тыныштықты бұзу фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі уақытта тыныштықты бұзу – учаскелік полиция инспекторларының жұмысында жиі орын алып тұратын бұзушылықтардың бірі. 11 сәуір күні шамамен сағат таңғы 5-те Н. Назарбаев көшесіндегі үйлердің бірінен кезекті шақырту келіп түскен. Облыс орталығының 62 жастағы тұрғыны көрші пәтерден шыққан қатты музыкаға және шулаған адамдарға шағымданған. №4 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторы Серік Әубәкіров оқиға орнына келіп жеткеннен кейін жалдамалы пәтерде сауық кешін ұйымдастырған 19 жастағы жігітті жауапқа тартқан. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Кештің басқа қатысушыларымен полицейлер профилактикалық әңгіме жүргізіп, заңмен сағат 23-тен кейін шулауға тыйым салынғаны туралы естеріне салды.

– Учаскелік полиция инспекторы – халық пен құқық қорғау органдарының арасында жүргізілетін сұхбаттағы негізгі адам, – деді Петропавл қ. Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин. – Оның мақсаты – адамдармен қарым-қатынас жасап, проблемаларын шешуге көмектесу, тікелей не жанама қылмыстың жолын кесу. Петропавлда түнгі шақыртуларға ден қоюдың тиімділігін арттыру мақсатында учаскелік полиция инспекторлары патрульдік полицейлермен кезекшілікке шығады. Бұл “102” арнасына келіп түскен қоңырау мен толтырылатын хаттама арасындағы уақытты айтарлықтай қысқартады. Түнде көңіл көтерген адамдардың басым бөлігі қабырғаның арғы жағында жұмыстан шаршаған адамдардың демалып жатқанын, балалар мен зейнеткерлер туралы ойламайды. Жыл басынан Петропавлда осындай 829 факті тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру