Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Ағымдағы жылдың 13-16 сәуір аралығында ШҚО-да “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы жоспарланған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осыған байланысты әкімшілік айыппұлдарды уақытында төлеу қажет. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 810-бабына сәйкес (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негіздері) борышкерлер қысқартылған іс жүргізу тәртібіне сай айыппұлдың бар сомасының 50%-ын әкімшілік хаттама толтыру сәтінен бастап жеті тәулік ішінде төлеуге құқығы бар.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелген болса, тұлға айыппұл төлеу қажеттігі көрсетілген нұсқама жеткізілген сәттен бастап жеті тәулік ішінде айыппұлдың 50%-ын төлеуге құқылы. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін айыппұл төлеу толық көлемде жүргізіледі.

ШҚО ПД ӘПБ бастығы Ернар Базаров атап өткендей, ерікті түрде айыппұл төлеу үшін қолданыстағы заңнамамен 40 күндік мерзімі қарастырылған.

Жоғарыда аталған мерзімде айыппұл төленбеген жағдайда әкімшілік материал мәжбүрлеп өндіріп алу үшін мемлекеттік не жеке сот орындаушыларына жіберіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру