Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған әйелді іздестіруде

Түркістан облысының полицейлері жоғалған әйелді іздестіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Кентау қалалық полиция бөліміне жоғалған әйелдің жұбайы арызданды. Ол өз арызында әйелінің із-түссіз жоғалғанын көрсеткен. Жоғалған әйелді тез арада табу бойынша Түркістан облысының полицейлерінен арнайы топ құрылып, жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда іздестіру жұмыстарының ауқымы кеңейтіліп, барлық облыс, қалаларға әйелдің жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фото суретімен бірге жолданды. Түркістанның полицейлері әйелдің баруы мүмкін аймақтарды, әрбір орынды жіті тексеріп, іздеу жұмыстарына жұмылдырылды.

Осы тұста, із-түссіз жоғалған Арайлым Қасымханқызын аман есен тауып, отбасына қайтару үшін оны танитын, не болмаса көрген-білген адамдар болса, тез арада полицияға хабарласуларын сұраймыз.

Арайлым Қасымханқызы 20 қаңтарда сағат 01:00 шамасында тұрғылықты мекенжайынан белгісіз бағытқа шығып, бүгінгі күнге дейін қайта оралмаған.

Сондай-ақ, жоғалған әйелдің үстінде ақ түсті күртеше, сұр түсті жемпір мен қара белдемше, аяғында қара түсті етік болған.

Арнайы белгілері: бойы 155-160 см, арық денелі, шашы қара.

Іздеу жарияланған әйел туралы қандай да бір ақпарат болса, Кентау ҚПБ-ның кезекші бөліміне 8-(725)-363-90-02, 3-25-03, 3-34-61,8-747-933-19-85, 8-702-640-64-59 немесе полицияның 102 нөміріне хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру