Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған қызды тауып, үйіне қайтарды

Мақтаарал ауданының тұрғыны анасымен келіспеушілік салдарынан үйінен кетіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал ауданының ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын өзінің қызының үйінен шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарлаған. 21 жасқа енді ғана аяқ басқан жас қыз анасымен келісе алмай, үйінен кетіп қалған. Қыздың анасы өз бетінше іздеуге кіріскен, алайда қызын таба алмай, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Аталған жайт бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.  Жинақталған ақпарат негізінде тәртіп сақшылары қызды Шымкент қаласынан тапты. Тексеру барысында қыздың әлеуметтік желілер арқылы бір жігітпен сөйлесіп жүргені, оның қызға үйленетінін айтып, Шымкент қаласына шақырғаны, қыздың анасының қарсылығына қарамастан, ұрысып үйінен кетіп қалғаны анықталды. Полицейлер табылған қызды үйіне қайтарып, анасына тапсырды.

Өз кезегінде жас қыздың анасы Мақтаарал ауданының ПБ қызметкерлеріне шын жүректен алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру