Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында марихуананың ірі партиясы тәркіленді

Павлодар полицейлері бір қапшық есірткі тасымалдаған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық қорғау органдарының есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл саласындағы түбегейлі маңызды бағыттарының бірі – есірткінің келіп түсу арналарының жолын кесу болып табылады.

-Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Екібастұз қаласында 38 жастағы қала тұрғыны болған “Мазда Кронус” автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында автомобильдің салонынан жолаушыға тиесілі қапшық табылды, онда ерекше исі бар зат салынған үш полиэтилен пакет болды. Сараптама нәтижесіне сәйкес алынған зат – салмағы сегіз келіден астам марихуана екені анықталды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Әйел Екібастұз қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Биылғы жылы павлодарлық жедел уәкілдер есірткінің заңсыз айналымы саласында 50 қылмысты анықтады, оның 48-і есірткі мен психотропты заттарды сатумен байланысты болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру