Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері зорлық-зомбылыққа қатысты акция өткізді

Түркістан облысының полицейлері зорлық-зомбылыққа қатысты акция өткізіп, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасындағы жағдай баланың жарқын болашағына тікелей әсер етеді. Отбасы – бақытты балалықтың мекені. Осы ұстаным әрбір жанұя мүшесінің басты қағидасына айналуы керек. Қазіргі уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі – ең өзекті мәселелердің бірі. Себебі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына ықпал етеді.

Бүгінде елімізде зорлық-зомбылыққа ұшырайтын әйелдер мен балалар саны азаймай тұр. Мұндай жағдайға тап болатын адамдар көбіне өздерінің құқығы мен мүдделерімен айналысатын дағдарыс орталықтары барынан бейхабар. Осы тұста Түркістан облысының полиция қызметкерлері әйелдерді қорғайтын заңнамалармен таныстырып, оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін ауқымды шара ұйымдастыруда.

Мәселен, Түлкібас ауданы полиция бөлімінің қызметкері Гүлбану Есенқұлова әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығының мамандары және дәрігерлермен орталық саябаққа келген тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, психологиялық және заңгерлік кеңес беріп, жадынамалар тарқатты. Олар балалар мен жасөспірімдерге көрсетілетін зорлықтың алдын алуға қатысты кеңестер берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру