Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғыны бұрынғы жұмыс орнына ұрлыққа түскен

Түркістан облысының тұрғыны бұрынғы жұмыс орнына ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ордабасы аудандық полиция бөліміне бетон өнімдерін шығаратын цех, яғни ЖШС-дан қатынас хат келіп түсті. Онда белгісіз біреу цех аумағында орналасқан қызметтік бөлменің ішінде тұрған сейфтен бір миллион теңгеге жуық ақша жымқырып кеткенін жеткізген.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.

Полицейлер ұрлық орын алған цехты, оған жақын аймақтарды мұқият қарап шықты. Бейнебақылау камераларын тыңғылықты тексерді. Мекеме қызметкерлерінен, куәлардан жауап алды. Нәтижесінде күдікті сол мекемеде жұмыс істеп кеткен жас жігіт болып шықты.

Тәртіп сақшылары күдіктінің жүрген жерін анықтау мақсатында жан-жақты жұмыс жасап, оны Шымкент қаласындағы қонақүйлердің бірінен ұстап, полицияға жеткізді.

Белгілі болғандай, күдікті цех аумағына жасырын кіріп, сейфтің есігін бұзып, шіндегі қаражатты жымқырған. Содан оңай жолмен келген ақшаға iPhone телефоны мен өзіне киім-кешек сатып алған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру