Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері 74 жастағы әжейге төлқұжат жасап берді

Түркістан полицейлері 74 жастағы әжейге төлқұжат жасап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде облыста ҚР азаматтарының құжаттарын рәсімдеу немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды куәландыру, мәртебесі реттелмеген адамдарды, яғни 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен жүрген тұлғаларды анықтап, құжаттандыру мақсатында арнайы акция өтуде. Аталған шараны көші-қон қызметі бөліністері мен учаскелік полиция қызметкерлері бірлесе өткізіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Акция аясында көші-қон қызметі тобының аға инспекторы Нұрман Шыңғысбаев құжаты жоқ немесе мерзімі өткен тұлғаларды анықтап, құжат алуына қажетті көмектер көрсетті. Тәртіп сақшылары тарапынан құрылған арнайы мобильдік топ жүріп-тұруы қиын азаматтардың үйлеріне барып, суретке түсіріп, құжаттарын рәсімдеген.

Мәселен, Түлкібас ауданында 74  жастағы Гүлсін Есенқұлова полицейлерге осы уақытқа дейін ешқандай төлқұжат алмағанын хабарлаған. Әжейдің жүріп-тұруы қиын болғандықтан, Нұрман Шыңғысбаев төлқұжатты тез арада жасап, табыс етті.

Тұрғын полиция қызметкерлерінің атқарған жұмысына өз ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

– Көші қон қызметкерлеріне, Түлкібас ауданының полиция басшыларына рақмет айтамын. 74-ке келсем де менде ешқандай төлқұжат болмаған. Міне, енді полицейлер төлқұжатымды жасап берді. Көші-қон қызметкерлеріне  өте көп алғысымды айтамын, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру