Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері сауда орнынан киім ұрлаған бойжеткендерді ұстады

Түркістан полицейлері сауда орнынан киім ұрлаған бойжеткендерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға Кентау қаласының тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, Түркістан қаласында орналасқан орталық базарлардың бірінде өзінің жұмыс жасайтын сауда орнынан белгісіз біреулер жеті дана түрлі киімдерді ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 40 мың теңге. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Хабар алысымен тәжірибелі полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, бірден іздестіру шараларын бастап кетті. Куәгерлерден жауап алып, айналаны бір шолып шықты. Бейнебақылау камераларын жіті бақылап, нәтижесінде күдікті екі азаматшаны анықтады. Айғақты зат ретінде ұрланған киімдер тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті екеудің бас шарасы қолхатта.

Белгілі болғандай , күдіктілер күндізгі сағат 14:30 шамасында базар маңын бір шолып шығып, адамдардың саябырсуын күткен. Содан соң өздерінің арам ойын іске асыру мақсатында айналаға бір қарап, киімдерді алып, қаша жөнелген. Күдікті бойжеткендер қолды қылған затын өзі пайдаланбақ болған, алайда арам ойлары іске аспады.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қылмыстық қолсұғушылықтан қорғанып, өз мүлкіне ұқыпты болуын ескертеді. Әсіресе, сауда орындарының қауіпсіздігі мен күзетіне ерекше мән беріп, дүкендерге мықты есік, терезелерге темір тор орнатып, ғимаратты бейнекамералар және дабыл жүйесімен қамтамасыз етуді сұрайды. Егер де, сіз, ұрлық немесе тонаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру