Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері тұрғыннан қолдан жасалған қаруды тәркіледі

Түркістан полицейлері тұрғыннан қолдан жасалған қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД қызметкерлерімен 2021 жылдың 17 мамыр мен 17 маусым аралығында “Қару – 2021” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді, олардың заңсыз айналымымен айналысатын адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын-алу, ескерту және оларды ашу болып табылады.

Осы бағытта Жетісай аудандық полиция бөлімінде бұйрық пен жоспар әзірленіп, криминалдық полиция, тергеу және анықтау, жергілікті полиция қызметі бөліністерінің қызметкерлері қатарынан арнайы топ құрылды. Жетісайлық тәртіп сақшылары аудан бойынша жалпы 500-ге жуық қару иелерінің тұрғылықты мекен-жайларында қаруды сақтау жағдайын тексерді.

Нәтижесінде 26 азаматқа қаруды сақтау тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігімен 26 әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, екі азаматқа қатысты қаруды қайта тіркеу тәртібін бұзып, уақытылы тіркеуден өткізбегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Бұдан бөлек іс-шара барысында, заңсыз сақтаудағы еш жерде тіркелмеген бес қару анықталып, тәркіленіп алынды. Оның ішінде, бір қару қолдан жасалғаны белгілі болды. Бұл жайт бойынша ҚР КҚ-нің 287- бабы 3-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ал, қалған төрт қару ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен тіркеліп, әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, шара қолдану үшін Жетісай аудандық сотына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру