Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері үйінің бақшасына есірткі өсірген азаматты ұстады

Түркістан полицейлері үйінің бақшасына есірткі өсірген азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірінің есірткіні үйінде заңсыз өсірумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеп тексеру жұмыстарын бастап кетті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер есірткі өсіру қылмысына қатысы бар күдіктіні анықтады.

Тәртіп сақшылары ұсталған адамның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде, үйінің ішінде арнайы бақшасына өсірілген есірткіге ұқсас өсімдікті тапты. Аталған өсімдік сараптамаға жіберіліп, қорытындысы бойынша екі түп сора болып шықты.

Полиция қызметкерлері тексеру барысында күдікті деп танылған азаматтың есірткіні өзіне қолдану мақсатында өсіргенін білді. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткінің заңсыз өсіру мен таралуына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру