Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері заңсыз 4 бас малды тасымалдаған жүргізушіні анықтады

Түркістан полицейлері заңсыз төрт бас малды тасымалдаған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық ПБ полицейлері мал ұрлығының алдын алу мақсатында, аудан аумағында профилактикалық рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға негізінен жергілікті полиция бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Рейд кезінде полицейлер аудан төңірегіндегі мал бағатын қожалықтарды, үйлерді аралап, таңбалау-сырғалау жұмыстарын қадағалап , құжаттарына тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар ауылдар мен аудан аралығындағы жол қатынастарында мал тасымалдаушы көліктерді тексеріп,нәтижесінде Бозай ауылынан «Газель» маркалы автокөлігімен ветеринарлық куәліксіз, құжатсыз төрт бас жылқы заңсыз тасымалдау жайтын анықтады. Осыған орай ҚР ӘҚБТК 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша құжаттары жинақталып, әкімшілік шара қолдану мақсатында аудандық ветеринарлық инспекцияға жолданды.

Сарыағаш ауданының полицейлері мұндай рейдтік іс-шаралар жиі-жиі өткізіліп тұратындығы туралы хабарлайды. Сондай-ақ мал ұстаушы аудан тұрғындарына келеңсіз жағдайлар орын алмас үшін, өз жеке меншік малдарының қараусыз немесе бақташысыз жүрмеуін қадағалауды және ветеринарлық құжат рәсімдеп, түгел таңбалап сырғалау жұмыстарын жүргізу керектігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру