Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері заңсыз 7 бас уақ малды тасымалдаған жүргізушіні анықтады

Түркістан полицейлері заңсыз жеті бас уақ малды тасымалдаған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар аудандық ПБ полицейлері мал ұрлығының алдын алу мақсатында аудан аумағында профилактикалық рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыруда.

Рейд кезінде полицейлер аудан төңірегіндегі мал бағатын қожалықтарды, үйлерді аралап, таңбалау-сырғалау жұмыстарын қадағалап, құжаттарына тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар ауылдар мен аудан аралығындағы жол қатынастарында мал тасымалдаушы көліктерді тексеріп, нәтижесінде ВАЗ-2121 автокөлігімен ветеринарлық куәліксіз, құжатсыз жеті бас уақ малын заңсыз тасымалдау жайтын анықтады. Осыған орай ҚР ӘҚБТК 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша құжаттары жинақталып, әкімшілік шара қолдану мақсатында тиісті орынға жолданды.

Түркістан облысының полицейлері мал ұстаушы аудан тұрғындарына келеңсіз жағдайлар орын алмас үшін өз жекеменшік малдарының қараусыз немесе бақташысыз жүрмеуін қадағалауды және ветеринарлық құжат рәсімдеу керектігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру