Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері заңсыз қару сақтаған тұрғынды ұстады

Түркістан полицейлері заңсыз қару сақтаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық ПБ-нің қызметкерлері қазан айының 19-нан бастап республикалық “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Іс-шара барысында біршама құқық бұзушылықтар анықталды.

Мәселен, полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданы Дербісек ауылының шығыс беткейінде орналасқан мал қораны тексеру кезінде 16 калибрлі аңшы мылтығын табады. Содан тәртіп сақшылары қаруды толық тексеріп, оның ҚР ІІО-на тіркелмеген, яғни заңсыз екенін анықтады.

Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша тіркеуге алынды. Қазіргі таңда аталған іс сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру