Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізушіні жауапқа тартты

Түркістан полицейлері жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізушіні жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПб-нің полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізудің кезекті жайтын анықтады. Яғни, Алматы-Термез тас жолы бойында жол-көлік оқиғасы орын алған.
Белгілі болғандай, “Ауди” автокөлігі қарсы жолаққа шығып, “Тойота” автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ, алайда көліктерге материалдық шығын келген.

Тексеру кезінде тәртіп сақшылары “Ауди” жүргізушісі көлікті мас күйінде басқарғанын анықтады. Тәртіп бұзушы медициналық куәландыруға жеткізілді, ол мастықтың орташа дәрежесін көрсетті. Аталған факт ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберілуі) бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Полицейлердің анықтауынша, жүргізуші бұдан алдында ішімдік ішіп, көлік тізгіндегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамға беруі) бойынша жауапқа тартылған. Сол кезде сот ЖҚЕ-ні бұзғаны үшін жергілікті тұрғынды жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырғанын анықтады. Десек те, өз қателігінен қорытынды шығармаған жүргізуші, мас күйінде рульге қайта отырған. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынған.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Мас күйінде рульге отырмаңыз, бұл қалпына келтірілмейтін салдарға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарама-қарсы қозғалыс жолағына шықпау қажет. Жүргізушілер, есіңізде болсын: жол қателіктерді кешірмейді, жол ережесін сақтаңыз, бұл сіздің өміріңіз бен жолаушыларыңыздың денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру