Шымкентте азаматша белгіленбеген орынға медициналық қалдықтарды төкті
Шымкентте белгіленбеген орынға медициналық қалдықтарды төккен азаматша жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 27 сәуір күні Шымкент қаласы Қаратау ауданы ПБ-ның учаскелік полиция инспекторларымен ауданның абаттандыру қағидаларын сақтау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу барысында Бозарық айналма жол бойындағы белгіленбеген орынға медициналық қалдықтарды төккен тұрғын анықталды.
Учаскелік полиция инспекторы азаматшадан түсініктеме алып, абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабы 1-бөлігі (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша хаттама толтырды.
Азаматшаға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.