Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда әйел азаматтық некедегі күйеуінің үстінен арызданды

Түркістанда әйел азаматтық некедегі күйеуінің үстінен арызданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Орта жастағы әйелдің айтуынша, сағат 08:00 шамасында бұрынғы азаматтық некедегі күйеуімен жанжалдасып қалған. Салдарынан күйеуі әйелінің сөмкесіндегі Samsung телефоны мен ақшасын өзінше билік етіп, алып кеткен.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 389/1-бабы (Өзінше билік ету) бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден келіп жетті. Олар күдіктіні жедел-іздестіру нәтижесінде жарты сағат ішінде жақын аумақтағы дүкендердің бірінен ұстады.

Анықталғандай, күдікті ер адам Қостанай қаласының тұрғыны. Ол әйелімен бір ай уақыт бойына ажырасып жүрген. Екеуі көшеде кездесіп қалып, ол әйелдің үйіне еріп келген. Арада болған жанжал салдарынан осындай әрекетке барған. Күдіктіден айғақты зат ретінде ұялы телефон мен ақша алынып, иесіне қайтарылды. Сезікті ер адам бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру