Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жайылымдық жерден жылқы ұрлаған сарыағаштық ұсталды

Жайылымдық жерден жылқы ұрлаған сарыағаштық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарығаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, түнгі уақытта өз үйінің маңындағы жайылымдық жерден жылқысын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 700 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеуге алды.

Хабарламаны естіген бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына келіп жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырып, жақын аумақтарды түгел қарап шықты. Олардың жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті жергілікті тұрғын екені белгілі болды.

Анықталғандай, күдікті ер адам түнде жылқыны ұрлап, оны Шымкент қаласына апарып сатқан. Ұрлаған жылқыны сатып, ақшасын қажеттілік үшін жаратып жіберген. Полицейлер сезіктінің бұдан өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру