Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда мас жүргізушінің үстінен төрт әкімшілік хаттама толтырылды

Түркістанда мас жүргізушінің үстінен төрт әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдеу жұмысын жүргізу кезінде Мақтаарал ауданы ПБ-ның қызметкерлері күндізгі сағат 15:30 шамасында Үлгілі ауылы көшелерінің бірінде автокөлігінің жарық шамдарын жақпай және қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан Volkswagen Passat көлігін байқап, тоқтатты. Сонымен қатар аталған көліктің алдыңғы жүргізуші жағының терезесі шытынаған.

Тәртіп сақшылары бірнеше құқық бұзушылық жасаған көлік иесінің құжаттарын тексеру кезінде жүргізушінің ішімдік ішкеніне күмән туындап, медициналық сараптамадан өткізді. Нәтижесінде жүргізушінің мас күйінде көлік жүргізгені белгілі болды.

Мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру), 602-бабы бойынша (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын бұзуы), 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) және 590-бабына сәйкес (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама түзілді.

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты жинақталған іс құжаттар заңды шешім қабылдау мақсатында Мақтаарал аудандық сотына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру