Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда құқық қорғау органдарының басшылары мен мәслихат депутаттары полициядағы цифрландыру жұмыстарымен танысты

Түркістанда құқық қорғау органдарының басшылары мен мәслихат депутаттары полициядағы цифрландыру жұмыстарымен жете танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Түркістан облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығында ел Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен ішкі істер министрі Е.Саденовтің тікелей қадағалауымен “Цифрлы Қазақстан” тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында, Ішкі істер министрлігі іске асырып жатқан арнайы жобалардың таныстырылымы өтті. Маңызды шараға Түркістан облысындағы мемлекеттік мекемелердің басшы құрамдары мен мәслихат депутаттары қатысты.

Атап айтсақ, облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров, сот төрағасы Т.Мыятбеков, экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Е.Балғабаев, ҰҚК басшысы М.Әбділманов, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент бастығы А.Сапарғалиев, мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы М.Нурахаев, прокурор орынбасары С.Келдібеков, пен мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері келіп, полиция департаментінің цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарын көрді.

Қонақтар азаматтардың құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысында қолданылатын заманауи технологиялармен танысты. ПД бастығы Мұрат Қабденов қонақтарға тәртіп сақшыларының кешенді құрал күштері мен материалдық-техникалық базасы, жаңадан ашылған полиция департаментінің ғимаратын көрсетті. Одан кейін облыс трассалары, қала көшелері мен қоғамдық орындарды бейнебақылау жүйесі арқылы қадағалайтын жедел басқару орталығын аралады. Бұл жерде халық қалаулыларына мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша орнатылған бейнебақылау камераларының жұмысы, “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасының ерекшеліктері, “ITC” жүйесі, Цифрлы полицей, “102” мобильді қосымшасы, қоғамдық орындарда орнатылған дабыл түймелері, жаппай бейнебақылау, “Cyberpol”, е-УД базасы тағы басқа да соңғы жобалар демонстрацияланды.

Қонақтар соңында сұрақ қойып, тұщымды әрі нақты жауап алды. Сонымен қатар мобильді кешендер мен дабыл батырмаларын алыс шалғайдағы орындарға да пайдалану мен санын көбейту ұсыныстары айтылды. Іс-шара қатысушылар ішкі істер органдарымен жүргізіліп жатқан цифрландыру жұмыстарына өздерінің оң бағаларын берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру