Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда учаскелік полиция инспекторы тұрғынның жоғалған жылқыларын тауып берді

Түркістанда учаскелік полиция инспекторы тұрғынның жоғалған 17 бас жылқысын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек АПБ-нің учаскелік полиция инспекторы Нұрдәулет Ерсінге өзіне қарасты аумақтың жергілікті тұрғыны хабарласып, 17 бірдей жылқысының жоғалып кеткенін, ұры-қарының қолына түсуі мүмкін екендігін айтып, тауып беруін сұрайды.

Бәйдібек АПБ-нің полицейі бірден іске кірісіп, оқиға орнына шығады. Анықталғандай, жылқылар жайылымнан жоғалған болып шықты.

Көлігіне мінген полицей жақын маңдағы ауылдар мен жайылымдық жерлерді аралап, қора-қопсыларды тексеріп шығады. Қосымша тағы да басқа әріптестерін көмекке шақырып, жан-жаққа бөліну арқылы іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Осылайша кеңейтілген іздестірудің арқасында келесі бір ауылдың маңындағы 15 шақырым жердегі жайылымнан 17 бас жылқы табылады.

Тұрғынның малын небары 1 тәулік ішінде тапқанына қуанған тәртіп сақшысы, арнайы жүк көлігіне тұрғынның барлық жылқыларын артып, иесінің үйіне жеткізіп береді. Учаскелік полицейдің бұл іс-әрекетіне жылқылардың иесі ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру