Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында браконьердің көлігінен 2 келіден астам балық табылды

Павлодар облысында браконьердің көлігінен екі келіден астам балық табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 9 тамызда сағат 22.30-да Ертіс өзенінің жағасында Павлодар ауданы Набережное ауылының маңында полиция қызметкерлері 52 жастағы жүргізушінің басқаруымен Toyota Camry автокөлігін тоқтатты.

– Көлікті тексеру кезінде жүк салғышта жалпы салмағы 2,340 келі бекіре тұқымдас стерлядь балығы және балық аулауға арналған тор табылды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 335-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру