Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда жоғалған жасөспірім қыз табылды

Түркістан облысында жоғалған жасөспірім табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс ауданының ПБ кезекші бөліміне хабарласқан әйел адам қызының отбасылық кикілжіңнің салдарынан таксиден түсіп, белгісіз бағытқа кетіп қалғаны туралы хабарлаған.

Жасөспірім қызды іздестіру барысында оның атасымен тұратыны, қарт кісімен келіспеушілік салдарынан анасының қызын Шымкентке алып кету үшін таксиге отырғаны, алайда жасөспірім қыздың су сатып алу сылтауымен көліктен түсіп кеткені және қайтып оралмағаны белгілі болды.

Жоғалған қызды іздестірген полицейлер оның туыстары мен достарын аралап, куәгерлерден жауап алып, өткізілген қызу жұмыс нәтижесінде кезекші тәулікте қыз баланы отбасына қайтарды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру