Түркістандық әйел алаяққа 2 млн теңгесін беріп қойды
Түркістандық әйел алаяққа 2 млн теңгесін беріп қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Түркістан ҚПБ-ның кезекші бөліміне кезекті алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын әйел арызданып келген. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс әйел одан ақша алып, мемлекеттік бағдарламалардың бірі бойынша қайтарымсыз субсидия алып беруге уәде еткен соң ақшаны алып, осы оқиғадан кейін хабарсыз кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келген шығын 2 миллионға жуық.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, күдіктіні іздестіруге бірден кірісті.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде түркістандық тәжірибелі полицейлер күдіктіні анықтады. Бүгінде полиция қызметкерлері күдікті әйелдің бұдан басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау үстінде. Ол оңай жолмен тапқан табысын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсап жіберген. Қазіргі уақытта күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.