Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық көше бойында тұрғынның ақшасын күштеп тартып алған

Түркістан қаласының полицейлері тұрғынның ақшасын күштеп алған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласы ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келді. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, өзін белгісіз біреу көше бойында себепсіз тоқтатып ақша сұраған. Содан күдікті азамат жәбірленушінің қалтасындағы ақшасы мен ұялы телефонын байқап, күштеп тартып алып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 80 мың теңге. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Түркістан ПБ полицейлері ақпарат алысымен оқиға орнына тез арада жетті. Сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Көрген-білгендерден жауап алды. Осындай нәтижелі жұмыстың арқасында, күдікті тәулік ішінде ұсталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны, жұмыссыз азамат болып шықты. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарына мұқият болуға және өз мүлкін бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмауға шақырады. Кез келген құқық бұзушылық орын алғанда, бірден полицейлерге хабар беріңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру