Түркістандық полицейлер алаяқтықтың 3 фактісіне қатысы бар деген күдікпен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын ұстады
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Түркістан облысында жасалған алаяқтықтың 3 фактісіне қатысты болып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау қаласы полиция бөлімінің қызметкерлеріне құны 400 мың теңге тұратын 2 дана «Play station» ойын аппаратын белгісіз біреудің жалға алып, қайтармай қойғаны туралы жергілікті тұрғын шағымданған.
Аталған факт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.
Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті азаматты полиция қызметкерлері 3 күн ішінде Шымкент қаласынан ұстады.
Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты.
Ол желідегі қосымша арқылы «Play station» ойын аппаратын жалға беремін деген жарнаманы көріп, бір күндік жалға алу ақысын төлеп, аппараттарды қолына түсіргеннен соң сатып жіберіп отырған.
Ол жалға алған аппараттардың әрқайсысын 75 мың теңгеден сатып жіберген.
Оның алаяқтықтың дәл осындай тағы да екі фактісіне қатысы бар екені анықталды.
Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 миллион 200 мың теңгеге жуық.Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті бұрын осындай алаяқтықпен айналысып, жауапкершілікке тартылған.
Күдікті қамауға алынды.