Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер енесінің ақшасын ұрлаған келінді ұстады

Түркістандық полицейлер енесінің ақшасын ұрлаған келінді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданған. Ол арызында есеп шотындағы ақшасының жоғалып кеткендігін көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Осы іс бойынша полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздестірудің нәтижесінде күдікті азаматшаны өз үйінен ұстады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеушілердің тиянақты жұмыстарының нәтижесінде күдікті азаматша арызданушының келіні болып шықты.

Келіні енесінің ұялы телефонын жасырын түрде алып, өз есеп шотына ақша аударып алған. Сондай-ақ күдікті азаматша ақшаны құмар ойындарға және киім алуға жаратып жіберген. Келтірілген шығын көлемі 126 мың теңгені құрайды. Азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Бұрын сотталмаған. Азаматша кінәсін толықтай мойындады. Бас шарасы қолхатта.

Түркістан облысының полицейлері ешкімге сенбеуді және ұялы телефондарыңызға құпия сөз қою керектігін ескертеді. Есеп шоттарыңызға мұқият қараңыздар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру