Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер жоғалған 25 жылқыны иесіне қайтарды

Түркістан облысының тұрғыны жоғалған 25 бас жылқысын тауып берген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жайылымнан 25 жылқысының жоғалғаны туралы арызданған.

Бастапқыда арызданушы жылқыларын бір апта бойы өзі іздеген, алайда жылқыларын таба алмаған соң учаскелік полиция инспекторының көмегіне жүгінген.

Бұл факт бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп, жоғалған жылқыларды 120 шақырым жердегі Қаратау бөктерінде жайылып жүрген жерінен тапты.

Табылған 25 бас жылқы заңды иесіне қайтарылды, жылқысы табылған жергілікті тұрғын полиция қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді.

– Мен 25 бас жылқымды жоғалтып, өзіміздің аймақтың учаскелік полицейі Ерхат Мұсаевқа хабарласып, одан көмек сұрадым. Ол бірден жылқыларды іздеуді бастады және жылқыларымды тапты. Барша полиция қызметкерлеріне, сондай-ақ Ерхат Мұсаевқа алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге үлкен рахмет! – деді ауыл тұрғыны.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру