Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация есебінде тұрған сотталғандар арасынан “үздік ерікті” анықталды

Ақтөбеде пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азамат қайырымдылық акцияларына белсенді қатысқаны үшін “Үздік ерікті” деген алғыс хатпен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы “Еріктілер жылы” аясында ҚАЖД қызметкерлері өткізген іс-шаралар аз емес. Осы орайда Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Астана аудандық пробация қызметі мен пробация есебінде тұрған азаматтардың арасында жақсылық жасауға ұмтылған сотталған еріктілердің ісі мақтауға тұрарлық. Солардың бірі – есепте тұрған Арсен есімді сотталған азамат есепте тұрғандар арасында “үздік ерікті” ретінде танылды.

Астана аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған Арсен жыл басынан бастап “Жас Отан” жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының құрамымен бірге өткізіліп жатқан барлық іс-шараға белсенді қатысып келеді.

Қоғамдық іс-шаралардың өтуіне үлес қосып, қайырымдылық акцияларына белсенді қатысқаны үшін Арсеннің ізгі іс-әрекеті елеусіз қалған жоқ. Жуырда ол Астана аудандық пробация қызметі бастығының  Алғыс хатымен марапатталды.

– Пробация есебінде тұрған Арсеннің бойында белсенділік, төзімділік және тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарау секілді жақсы қасиеттер көп. Оны алдағы уақытта да жақсы жағынан  көре беретінімізге сенеміз,- дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Жұмагүл Ешниязова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру