Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарды жауапкершілікке тартты

Түркістандық полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарды жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерде көшенің қақ ортасында жол қауіпсіздігі ережесін бұзып, жүгенсіз жүрген бірнеше автокөліктер жайлы бейнежазба таралған болатын.

Тексеру барысында оқиға Түркістан қаласындағы Түркістан -Шымкент айналма тас жолы бойында орын алғаны анықталды. Тәртіп бұзушылардың жеке басын анықтау мақсатында Түркістан ҚПБ-ның полиция қызметкерлері қажетті іс-шараларды жүргізіп, кінәлі жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Нәтижесінде, “Toyota Camry” жүргізушісіне қатысты әкімшілік жауапқа тарту бойынша бес хаттама толтырылды. Олар келесідей: ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі (сақтандыру белгісі), 590-бабы 2-бөлігі (ГРНЗ тақпаған) және 595-бабы 1-бөлімі (маневр жасау қағидаларын бұзу), 593-бабы 1-бөлігі (жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау), 596-бабы 3-бөлігі (қарсы бағытқа шығу).

Ал, “Ауди” маркалы көліктің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі (жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау ) бойынша кінәлі деп танылып, хаттама түзілді.

Автокөліктер айыптұрағына қойылды.

Жалпы, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қауіпсіздігі ережесі мен карантиндік шараларды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Түркістандық полиция қызметкерлері тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру