Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық тұрғындар алаяққа алданып қалды

Түркістандық полицейлер “Даму” кәсіпкерлікті қолдау қорынан 13 млн теңге алып беремін деп алаяқтық жасаған жас қызды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті екі бірдей тұрғын арызданды. Олардың айтуынша, өздерінің танысы “Даму” кәсіпкерлікті қолдау орталығынан 13 млн теңге ақша алып беремін деп жәбірленушінің біріншісінен 260 мың теңге, екінші жәбірленушіден 2,9 млн теңгеден астам ақша алған. Екі жәбірленушіге келген шығын көлемі 3,2 млн теңгеден асты.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні табуға бағытталған жұмыстарды атқарды. Полицейлердің атқарған жедел шараларының нәтижесінде, жергілікті жас қыз ұсталды.

Күдікті алған ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Ол берген уәдесінде тұрмай, не жәбірленушілердің ақшасын қайтармай әуре-сарсаңға салған. Жәбірленушілер ақшасын қайтару мақсатында полиция қызметкерлеріне шағым түсірген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру