Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанның полицейлері алаяқтықпен айналысқан Алматы облысының тұрғынын қолға түсірді

Түркістанның полицейлері алаяқтықпен айналысқан Алматы облысының тұрғынын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-ның кезекшілік бөлімшесіне бірнеше тұрғын хабарласып, белгісіз азаматтың оның ақшаларын көбейтіп беремін деп, алаяқтық тәсілмен есеп шотына ақша салдырып, қайтармағанын хабарлайды.

Аталған жайт бірден Жетісай АПБ-де ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды.

Сақшылар қылмысты дер кезінде ашу мен алаяқ құрбандарының саны одан әрі артып кетпес үшін тәжірибелі қызметкерлердің арасынан тергеп-тексеру тобын құрды. Олар күдіктіні анықтауға бағытталған шараларды атқарды.

Нәтижесінде алаяқтық қылмысын жасаған күдікті ретінде Алматы облысының жергілікті тұрғыны ұсталды. Ұсталған азамат “WhatsApp” желісі арқылы арнайы топ ашып, оған әртүрлі адамдарды тіркеп, олардың сеніміне кірген.

Содан соң топтағы әрбір адамға өзінің компанияның қызметкерімін деп таныстырып, есепшотын ұсынып, соған ақша салса, белгілі бір мерзім ішінде үш еселенетінін айтып, алдаған.

Ер азаматқа сенген жәбірленушілер 5 мың мен 100 мың теңге аралығындағы ақшаларын есепшотқа аударған. Жәбірленушілер Кентау, Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Отырар аудандарының тұрғындары. Бүгінгі күнге дейін жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі миллионға жуықтаған, алайда арызданушылар санының артуына байланысты оның көлемі ұлғаюы мүмкін. Сондықтан сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта ұсталған күдікті қамауда. 

Полицейлер тұрғандарға ескертеді: кез-келген бейтаныс адамға сенім артып, қажетті деген құжаттарды, жеке мәліметтеріңізді ақшаларыңызды беруден абай болыңыздар. Сондай-ақ ақша беру, ақша аудару, ақша алу сынды операциялар кезінде мұқият болу қажет. Ақшаны тек белгілі және заңды банктер ғана тиісті мөлшермен еселеп беретінін естен шығармаңыз! 

Егер де сіз жоғарыда аталған жайттарға тап болсаңыз, бірден полицияның “102” нөміріне қоңырау шалыңыз. Бүгінгі таңда осы қылмыс түрінің көбеюіне байланысты, қашан да қырағылық танытып, алаяқтардан сақ болуға шақырамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру