Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының тергеушілері азаматтарды алаяқтардан қорғауда

Жамбыл облысының тергеушілері азаматтардың құқықтарын алаяқтардан қорғауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Полиция департаментіне Тараз қаласының тұрғыны Ұлжан Есіркепова Полиция департаменті Тергеу басқармасының қызметкерлері Нұржан Серкебаев пен Мейіржан Шахбатыровтың атына алғыс білдірген бейнежазба жолдаған. Ол жоғарыда аты аталған тергеушілерге сеніміне кіріп, ақшасын алдау жолымен иемденіп, қашып кеткен алаяққа қатысты қылмысты ашқаны үшін шынайы алғысын білдіреді.

Тергеу басқармасының қызметкерлері Н. Серкебаев пен М.Шахбатыров жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы алаяқ әйелді тауып, ұстады. Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс сот қарауына жолданды.

– Полиция қызметкерлеріне кәсіби жұмысы үшін үлкен алғысымызды білдіреміз! Оларға зор денсаулық, отбасылық амандық, қиын қызметте табыс тілейміз. ҚР ІІМ жүйесінде адамдардың игілігі үшін жауапты жұмыс істейтін, өзгелердің өзекті мәселелеріне мұқият қарайтын осындай кәсіби білікті тергеушілер көп болсын!, – деп шағымданушы алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру