Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркия азаматы жоғалған көзілдірігін іздеуге көмектескен полицейлерге алғыс айтты

Түркия азаматы жоғалған көзілдірігін іздеуге көмектескен полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында Түркия азаматы құны шамамен 300 АҚШ долларын құрайтын күннен қорғайтын көзілдірігін жоғалтып алған.

Шетелдік азамат көзілдірігінің жоғалғанын қонақүйде жүрген кезінде байқап, полицияға жүгінген. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеді.

Тексеру нәтижесінде ер адамның спорттық іс-шараға келгенге дейін көзілдірігі өзінде болғаны анықталды. Кейін ол жарысты трибунадан тамашалау кезінде көзілдірігін қалдырып кеткен. Алайда ғимараттан шығып бара жатқанда оның жоғалғанын байқамаған.

Полиция қызметкерлері бейнебақылау жазбаларын мұқият қарап, жоғалған заттың қай жерде қалғанын анықтады.

Түркия азаматы полиция қызметкерлеріне жедел әрекет етіп, жоғалған затты іздеуге көмектескені үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру