Түскі асқа келген үй иесі ұры әйелді ұстады
Түркістан облысында бұрын сотты болған тұрғын екінші рет ұрлыққа түсіп, ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, ол күндізгі уақытта үйіне түскі ас ішуге келгенде, белгісіз әйел адамның жүргенін көреді. Үй иесін байқап қалған күдікті терезе арқылы қаша жөнеледі. Артынан шыққан үй иесі соңынан қуып ұстап алып, тез арада полицейлерге арызданады.
Ақпарат алысымен оқиға орнына жеткен полицейлер іске кіріседі. Аталған жайтты тіркеп, тергеу амалдары басталады.
Нәтижесінде ұсталған әйелдің бұрын сотты болған жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Оған қоса үйде ешкім жоқтығын пайдаланған азаматша бөтеннің ауласына заңсыз еніп, үйдің кілті тұрған жерді тауып алғаны айқындалды. Осылайша бұрын сотты болғанына қарамастан, нәтиже шығармай қайта қылмыс жасамақ болған тұрғынның бас шарасы келу туралы міндеттемеде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға тұрғын-үйлеріңіз бен қора-жайларыңызда қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қажетінше жарықтандырып, дабылқаққыш пен бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді. Үйдің кілтін кез-келген жерде тастамай, өзіңізбен бірге алып жүруді дағдыға айналдырыңыз.