Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түзеу мекемесіндегі тінту шарасы нәтижесінде 123 ұялы телефон тәркіленді

Тараздағы ЖД-158/4 түзеу мекемесіндегі жоспарлы тінту шарасы нәтижесінде 123 телефон тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҰҚК, прокуратура, әскери полициямен әскери прокуратура, сотталғандардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында өңірдегі Ұлттық алдын алу тетігінің өкілдері және мекеменің жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен өткен шара барысында желілік емес «Лорент» құрылғылары және әскери бөлімнің 10 қызметтік иттері пайдаланылған. Үш кезең бойынша өткізілген тінту шаралары кезінде барлық іс-әрекеттер мекемедегі бейнебақылау құрылғыларына жазылып алынды және алып жүруге арналған бейнекамералар мен бейнежетондарға түсірілді.

Жалпы, жүргізілген жалпы тінту іс-шарасы нәтижесінде, қатаң тәртіптегі түзеу мекемесіндегі сотталған азаматтардан 123 ұялы телефон тәркіленді. Сондай-ақ, 71 зарядтағыш құрал, 24 құлаққап, 23 сим карта және сотталғандар арасында қайғылы жағдайға соқтыруы мүмкін 73 түйрегіш- кескіш заттар (пышақтар, қолдан жасалған кескіштер және т.б.), үш қол сағаты, бір дана аудио-бейне жазатын құрылғымен ерекше иісі бар екі орама табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру