Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда Ұлттық ұланның бірнеше қызметкері марапатталды

Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы қызмет бабында ерекше көзге түскен Ұлттық ұланның бірнеше қызметкерін марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қазан күні Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин қызмет атқару кезінде кәсіби шеберлік танытқан Ұлттық ұланның бірқатар  әскери қызметшілерін бағалы сыйлықтар және грамоталармен марапаттады.

–  Әскери қызметшілер  қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция қызметкерлерімен бірге жұмыс атқарады. Сондықтан да бірлескен жұмыс қашан да берекелі болары сөзсіз. Ұлттық ұланның қызметкерлерін Департамент бастығының бұйрығымен марапаттау алдағы уақытта да жалғасын табады,- деді  Департамент бастығы Ерлан Файзуллин.

Жыл басынан бастап Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің қатысуымен Қарағанды облысының аумағында 74 қылмыстың жолы кесіліп, 526 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру