Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының тұрғыны полицейлерге ризашылығын білдірді

Қарағанды облысында жоғалып кеткен қызын тауып берген полиция қызметкерлеріне анасы алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қазан күні Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкерлері осыдан 10 күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 17 жастағы қыз баланы тауып, ата-анасына тапсырған болатын.

– Қарағанды қаласының Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөлімінің ювеналдық және криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне, Шет аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне және еріктілерге менің 17 жастағы қызымды іздеуге көмектескендері үшін аналық алғысымды білдіремін. Қызым 11 қазан күні құрбысымен үйден шығып, із-түссіз жоғалып кетті. Мен өзімді қоярға жер таппай, алаңдап, қызымды күттім. Қызым орала қоймағасын көмек сұрап, полиция қызметкерлеріне жүгіндім. Олар еріктілермен бірлесіп, уақыттарымен санаспай қызымды іздеп тапты. Іздеу жұмыстарының күні-түні жалғасқанын білемін. Ал олар іздеу жұмыстарына кеткен уақыттарын отбасыларымен өткізсе де болар еді. Алайда полиция қызметкерлері менің қиналғанымды сезіп, барлық күш-жігерлерін жұмсады. Сондықтан барлық полиция қызметкерлеріне кәсіби шеберліктері үшін алғысымды білдіремін,-деді табылған қыздың анасы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру