Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кадрлар қатары жас мамандармен толықты

Қызылорда қаласындағы Тергеу изоляторының кадрлық құрамы 19 жас маманмен толықты, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Осыған орай ұжымда мекеме басшылығы жас мамандармен кездесу  өткізді. Мекеме бастығы  Ж.Тасқараев жас мамандарды құттықтап, олардың алдағы қиын да жауапты жұмыстарына сәттілік тіледі.

Бұдан соң мекемеде ұзақ жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан аға буын өкілдері жас мамандармен көп жылдық тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ  басшылық жас мамандарға Әдеп кодексінің ережелерін мүлтіксіз сақтап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте барлық күш-жігерін қолданып, азаматтармен және әріптестерімен сөйлескенде әдептілік және биязылық танытып, адал, әділ болуы және көпшілік мақұлдаған адамгершілік–әдептілік ережелерін сақтауы керектігін баса айтты.

Құқық қорғау органдарына енді ғана қадам басқан жас мамандардың барлығының заңгерлік білімдері бар.  Құқық қорғау органының қызметкері болуды мақсат еткен Анель таңдаған мамандығы асқан жауапкершілікті қажет ететінін жақсы түсінеді және абыройлы қызмет атқаруға тырысамын дейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру