Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе қаласының тұрғыны ауласында қарасора өсірген

“Қарасора 2020″ жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген ақтөбелік полицейлер өсіруге тыйым салынған өсімдікті үй ауласына еккен қала тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел ақпаратты тексеру барысында “Мәскеу” ауданындағы жеке үйдің ауласынан “Қарасора” тәрізді 20 өсімдік бұталары табылды. 41 жастағы үй иесі өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді жеке пайдалану үшін өсіретінін айтты.

Тәркіленген қарасора бұталары бойынша сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

“Қарасора-2020” жедел алдын-алу шарасы басынан өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірудің 10 фактісі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру