Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҰАТ өкілдері Оралдағы тергеу изоляторына барды

Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары Оралдағы тергеу изоляторына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары Орал қаласының тергеу изоляторында болды. Павел Кочетков пен БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы РУ-170/1 аралас қауіпсіздік мекемесінде ұсталушылар және тергеушілермен кездесті.

23 қаңтарда БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторына ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары да келді. Мақсаты – мекеме әкімшілігі тарапынан тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға азаптауларды және басқа да қатыгез, ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер түрлерін анықтау.

– Қамалушылардың ұстау жағдайларына да, тергеу изоляторының қызметкерлеріне де шағымы жоқ. Алайда азаптауға, яғни ұстау сәтінде ұрып-соғуға шағымдар бар. Әрине, олар өкінеді. Олар жәй түсінбейтін шығар, мүмкін бәрі ұстап алып, сол заттарды ұстап алған эйфория болған шығар. Ұсталғандардың айыптаулары әлі жойылған жоқ, оларды сот күтуде. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін Бас прокуратура бұл туралы хабарлайды, – деді Адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық халықаралық БЮРО облыстық филиалының директоры Павел Кочетков.

– Қазіргі уақытта облыстық полиция департаменті қылмыстық істерді тергеуде. Олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, – деді БҚО бойынша ҚАЖД бастығы Азамат Ізтілеуов.

Айта кетейік, ұлттық алдын алу тетігі азаптаудың және қатыгез қарым-қатынастың басқа да түрлерінің алдын алу үшін тәуелсіз сарапшылардың қамауда ұстау орындарына үнемі бару жүйесін білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру