Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Учаскелік инспектор қар құрсауында қалған лимузинді шығарып алды: көлікте жаңа туған сәби мен анасы болды

Павлодар облысында учаскелік инспектор қар құрсауында қалған көлікті шығаруға көмектесті. Лимузин ішінде жаңа туған сәби мен анасы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл күндері қатты аяз бен боран болып тұр. Тәртіп сақшылары тәулік бойы патрульдеу жүргізеді, әсіресе трассаларда. Қызмет көрсетілетін аумақты патрульдеу кезінде Кемеңгер ауылының учаскелік инспекторы Қанат Әбілдинов қар құрсауында қалған лимузинді байқады.

Жүргізуші жаңа туған нәрестені анасымен бірге перзентханадан алып келе жатқанын, бірақ қарға кептеліп қалғанын айтты.

Учаскелік инспектор көлікті қардан шығаруға көмектесті, сүйреткіш арқанды көлікке байлап, шығарып алып, үйіне дейін жеткізіп салды. Көлік жүргізушісі және оның жолаушылары учаскелік полиция қызметкеріне алғыс білдірді.

– Анасы мен шақалақ үйлеріне аман-есен жетті. Тусқандары қарсалып алды, – деді полиция қызметкері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру