Учаскелік инспекторлар есірткі жарналамаларынының көзін жойды
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице – министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Жергілікті учаскелік инспекторлар тұрғын және тұрғын емес үйлердің қабырғасында, сондай-ақ өзге де объектілерде трафареттік жазбаларды, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың жарнамаларының үстінен бояп., оларды жою жұмыстарын жалғастырды.
-Трафаретті жазуларды жоюға полицияның қоғамдық көмекшілерінің күштері тартылғанын атап өту керек. Өткен тәулікте 35-тен астам жазбалар жойылды. Сонымен қатар, жедел бөлімшелер тыйым салынған жарнаманы таратқан адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында оларды анықтау және ұстау жұмыстарын қатар жүргізуде, — деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы полиция майоры Болат Тотыбаев.