Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Учаскелік полиция инспекторлары адам өлтіру қылмысын ашты

Қызылорда облысындағы ауылдардың бірінде учаскелік полиция инспекторлары қонақ үй иесін өлтіру фактісін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz

29 қыркүйек күні Шиелі ауданында орын алған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөліміне ауылдағы қонақ үйлердің бірінде иесінің дене жарақаттары бар мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысты жасады деген күдікпен 25 жастағы облыс тұрғыны анықталып, ұсталды. Айғақты заттар алынды.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру әрекеттері басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру