Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Учаскелік полиция пунктінің учаскелік аға инспекторының бір күндік жұмысы

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының №39 учаскелік полиция пунктінің учаскелік аға инспекторы Рахымжан Хахаровтың бір күндік жұмыс барысын назарларыңызға ұсынады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жуық арада өзінің “Facebook” парақшасында учаскелік полиция инспекторларының стандарттары және “қолжетімді полиция” қағидаты бойынша полиция қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берген болатын.

Еліміздің бас полицейі “Учаскелік полиция инспекторы құқықтық тәртіп пен билік органдарының халыққа ең жақын, көмекке келуге әрдайым дайын өкілі болып табылады” деп учаскелік полиция инспекторлары халықпен күнделікті тікелей байланыста жұмыс жасауының маңызына тоқталып өтті.

Шымкент қаласының шетінде орналасқан Чапаев елдімекеніндегі №39 учаскелік полиция пунктінің учаскелік аға инспекторы Рахымжан Қақаров өзіне қарасты әкімшілік аумақтың жергілікті тұрғындарымен күнделікті тығыз жұмыс жасайды. Жыл басынан бері әлеуметтік желіге тіркеліп “Instagam”-да арнайы “Я ваш учасковый” парақшасын және Whatsapp желісі арқылы арнайы чат ашқан. Елдімекен аумағындағы құқық бұзушылық жайттарына куә болған тұрғындар жедел түрде осы чатқа хабарлама беріп, тәртіп сақшылары оқиға орнына жылдам жетіп, заң аясында әрекет етеді. Қазіргі таңда хабарламалар бойынша жұмыс атқару бір жүйеге қойылған. Мәселен жергілікті халық тұрмыстық проблемалар, отбасылық кикілжіңдері мен көршілерімен даулы мәселелер туындағанда ең алдымен учаскелік полиция инспекторына жүгінеді.
Өз кезегінде жергілікт тұрғындар да учаскелік полиция инспекторының азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша атқарып жатқан қызметіне оң бағасын беруде.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “қолжетімді полиция” қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметін реформалауда басты рөл учаскелік полиция инспекторларына берілгені кездейсоқтық емес деп ойлаймын, бұл орайда жергілікті тұрғындар да учаскелік полиция инцпекторларына ерекше қолдау білдіргені, бірлесе жұмыс атқаруы маңызды. Сонда ғана нақты нәтижеге қол жеткіземіз, – дейді Берік Арынов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру