Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнін қорытындылады

Шымкенттік полицейлер “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнін қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” іс-шараның үш күндік нәтижесінде төмендегі көрсеткіштерге қол жеткізілді:
– Тыйым салынған заттарды ұстап жүргені бойынша -17 дәйек анықталды;
– Есепте тұрған тұлғалар тарапынан қойылған шектеулерді бұзу -10 фактісі анықталған, мерзімінен бұрын бостылғандардан – жеті, ерекше талаптарды бұзғаны үшін – үш;
– Жалпы 2861 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды;
– Іс-шара барысында уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына – 62 азамат жеткізілді.
– Дактилоскопиядан – 769 адам өткізілді және барлығы ішкі істер органдарының фото-бейне есебіне алынды.

Еске сала кеткейік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап 1 қарашасы аралығында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты құқықтық тәртіпті сақтау, қала аумағындағы қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың және қылмыстардың алдын алу, жолын кесу болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру