Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үй алуға көмектесемін деп Ақтау тұрғынын алдаған күдікті ұсталды

Үй алуға көмектесемін деп Ақтау тұрғынын алдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласының тұрғыны үй алуға кезекке тұрғызып, жақын арада баспаналы болуға көмектесемін деп сөз беріп, кейін уәдесін орындамаған алаяқтың құрығына түсіп қалды. Жәбірленуші полицияға арызданды. Оған келтірілген шығын 1,2 млн теңгені құрайды.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен 29 жастағы күдікті азаматшаның жеке басы анықталып, ұсталды.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Ақтау қаласы Полиция басқармасының СДТБТ-да тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру